Еліміз өзін-өзі 40 пайызға қантпен қамтамасыз етеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміз өзін-өзі 40 пайызға қантпен қамтамасыз етеді

10.02.2023

Еліміз өзін-өзі 40 пайызға ғана қантпен қамтамасыз етеді. Қалғаны импорттың үлесінде. Орталық коммуникациялар қызметінде отандық қант саласының проблемалары талқыланды. Тараптар ең өзекті мәселелерді көтеріп, шешім жолдарын қарастырды. Биыл қант бағасы қанша болмақ?

Тәтті қант жайлы ащы шындық айтылған жиын. Дөңгелек үстелде дөңгеленіп кете алмай отырған қант өндірісі талқыланды. Біз әлі Ресей мен Беларусьтің қантына тәуелдіміз. Өнімнің 60 пайызын сырттан тасимыз. 40 пайызы ғана өзіміздікі. Еліміздегі қант шикізаты ішкі нарықтың 10 пайызын ғана жабады. Сол себепті де, 2024 жылға қарай қызылшаның егістік алқабын 25 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Меже мықты, бірақ, қазіргі көңіл күпті.

Айжан Наурызғалиева «Қазақстан қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығы» ЗТБ президенті:

2020 жылдан бері бізде егістік алқаптары 15 мыңнан асса, 2022 жылы бар болғаны 9 мың гектар болған. Бұл өте сұмдық, апатты жағдай. Сол себепті өте аз өнім жиналды. Біз 40 мың тонна аламыз деп жоспарласақ, қазіргі таңда қызылшадан өндірілетін қанттың жалпы мөлшері 28 600 тонна. Бұл тым аз.

Алматы облысында су тапшылығы байқалады. Егер су жетпесе, өнім болмайды. Демек, егіс алқабын кеңейтудің де маңызы жоқ. Тасымалдау мәселесі де күрделі. Бірде локоматив, бірде вагон жетпейді. Айжан Абақанқызы осы мәселелерді ашық айтты. Жалпы, елімізде 4 қант зауыты бар. Бірақ, олар көрші Ресей мен Беларусьтің зуаттарымен бәсекеге түсе алмай отыр. Себебі, ол жақтардан қант 25 пайызға арзанға келеді. Бағасы біздегі зауттардағы өзіндік құнымен бірдей. Салдарынан біздің зауыттар млрдттаған теңге шығынға батқан кездер бар.

Қайрат Оразбеков «Ақсу қант» компаниясының басшысы:

Біздің қант зауыты ең соңғы оторосел қалған шығар каторий бәрін өз иығына алып отыр. Қалған отроселдерді қарағанда бәрі жоқ. Жартысы жоқ, бәрін қайтадан бастау керек. Мус деген ол қойылған баға. Беларусьтердей қойсақ, ол қант қана емес, ол сода, ол тауық та. Мен ойлағаным сондай шетелдегі сияқты талаптар қою керек. Біздің өндірісті көтеріп, соған көмек беру керек.

Билік те қол қусырып отырған жоқ. Арнайы жол картасы бойынша қант зауыттарын қолдау үшін облыс әкімдіктері арқылы 25 млрд теңге бөлінбек. 14 млрды қазірдің өзінде берілген. Былтыр қант қызылшасының әр тоннасына 30 мың тгден субсидия бөлінсе, биыл ол 40 мыңға өскен. Сондай-ақ, жиында биыл қанттың бағасы былтырғыдай аспандап кетпейтіні айтылды. Бірақ, нақты қанша боларына болжам жоқ.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу