Шымкентте қарулы қақтығысқа әзірленген қылмыстық топтың мүшелері ұсталды
Шымкентте қарулы қақтығысқа әзірленген екі қылмыстық топтың мүшелері құрықталды. Қолға түскен он азаматтың үшеуі сот санкциясымен күзетке алынды. Екеуінен қаладан шықпау туралы қолхат алынды. Қалғандары әзірге бостандықта.
Тінту кезінде олардан төрт тапанша, карабин мен мылтық және 100-ге тарта оқ табылды. Қылмыстық топтың бірі қаңтар айында бір азаматты қала сыртына апарып, әбден азаптаған. Ұрып-соғып, денесін пневматикалық мылтықпен жарақаттаған. Осыған кектенген жәбірленуші заң органдарынан араша сұрамастан, таныстарын жиып топ құрады. Суық қарулар сатып алып, қақтығысқа әзірленген. Қазір екі қылмыстық топтың мүшелерінен жауап алынуда.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ: 2 боксшымыз финалда
13.09.2025, 17:41

Елордада Қызылорда өңірінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылды
13.09.2025, 15:39
«Biken 3» халықаралық театр фестивалі басталды
13.09.2025, 15:33
Мерейлі отбасы – мемлекет тірегі
13.09.2025, 15:31
Астанада ұлттық құндылықтар ұлықталды
13.09.2025, 15:29
Шымкентте жасанды интеллектіге жол ашқан жаһандық форум өтті
13.09.2025, 15:27
Ақтауда үкіметтік емес ұйым өкілдерінің форумы өтіп жатыр
13.09.2025, 15:26
Жамбыл облысында ветеринариялық нысандардың тең жартысы талапқа сай емес
13.09.2025, 15:24