Шымкентте биыл 54 мың шаршы метр жол сапасыз салынған
Шымкент қаласында биыл 54 мың шаршы метр жол сапасыз салынған. Және жаңадан асфальт төселген көшелерде 275 кемшілік табылған.
Мердігерлер төсеніштің қалыңдығын нормативте көрсетілгеннен барынша жұқартуға тырысқан. Сондай-ақ су ағатын құбырлар да дұрыс орнатылмаған боп шықты. Мердігерлер қазір сапасыз жолдарды қайта салып жатыр. Жұмысын немқұрайлы атқарған 3 құрылыс компаниясы мен 8 техникалық қадағалау мекемесіне 8 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.
6 техникалық қадағалаушының аттестаты 6 айға, 1 техникалық қадағалаушының аттестаты 3 жылға тоқтатылды. Енді олар осы мерзім ішінде жол құрылысы жұмыстарына араласа алмайды.
Мұхтар Дүйсембеков, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК қалалық филиал директоры:
Күрделі жөндеу мен құрылыстың кезеңінде техникалық қадағалаушының жіберген қателіктері бойынша біз ГАСК-ке 8 хат жолдаған болатынбыз. Соның өзінде 7 техникалық қадағалаушыға 8 млн 400 мың теңге айыппұл саланып, 6 айға лицензиясынан айыру шешімі шыққан.
Ғани Қалмахан
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ: 2 боксшымыз финалда
13.09.2025, 17:41

Елордада Қызылорда өңірінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылды
13.09.2025, 15:39
«Biken 3» халықаралық театр фестивалі басталды
13.09.2025, 15:33
Мерейлі отбасы – мемлекет тірегі
13.09.2025, 15:31
Астанада ұлттық құндылықтар ұлықталды
13.09.2025, 15:29
Шымкентте жасанды интеллектіге жол ашқан жаһандық форум өтті
13.09.2025, 15:27
Ақтауда үкіметтік емес ұйым өкілдерінің форумы өтіп жатыр
13.09.2025, 15:26
Жамбыл облысында ветеринариялық нысандардың тең жартысы талапқа сай емес
13.09.2025, 15:24