Қытайда коронавирустан 2 миллиондай адам қайтыс болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда коронавирустан 2 миллиондай адам қайтыс болуы мүмкін

20.12.2022

Қытайда нөл-ковид саясатының дереу тоқтауы салдарынан коронавирустан бір жарым, екі миллиондай адам қайтыс болуы мүмкін. Мұндай болжамды жергілікті зерттеушілермен бірге британдық, америкалық ғалымдар жасап отыр. Олардың пікірінше, жұқпалы вирус әсіресе, қоғамның осал топтары мен табиғи иммунитеті жоқтарға және вакциналанбаған тұрғындарға қауіп төндіріп тұр. Бейжіңде өткен тәулікте ковидтен 5 адам қайтыс болып, осы індеттен қаза тапқандардың жалпы саны 5242-ге жеткен. Қытайда экономиканы теңселтіп, тіпті үкіметке қарсы шерулерге түрткі болған қатаң карантиндік шектеулер желтоқсанның 7-де жеңілдетіле бастады. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу