Қытайда коронавирустан күніне 9 мың адам қайтыс болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда коронавирустан күніне 9 мың адам қайтыс болуы мүмкін

30.12.2022

Қытайда коронавирустан күніне 9 мыңдай адам өліп жатқан болуы мүмкін. Мұны денсаулық сақтау мәліметтерін жинақтайтын Ұлыбританияның «ЭйрФинити» компаниясы мәлімдеді.

Айта кетейік, Ковид инфекциясы Қытайда қараша айында қайта өршіп, карантиндік шектеулер енгізілді. Кейін ол шарықтау шегіне жетті.
Британдық зерттеушілердің пайымдауынша, алдағы айдың ортасында бұл елде тәулігіне 4 миллионға жуық адам ковидке шалдығуы мүмкін.

2023 жылдың сәуіріне дейін Қытайда 1 млн 700 мың адам коронавирустан қайтыс болады деген болжам айтылып отыр.



Хабарламаларға жазылу