Жапонияда круиздік кемеде коронавирус жұқтырғандар саны 174-ке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда круиздік кемеде коронавирус жұқтырғандар саны 174-ке жетті

12.02.2020

Қытайда коронавирустан тағы 97 адам қайтыс болды. Осылайша жаңа пневмония құрбандарының саны 1113-ке жетіп отыр. Ал жұқтырғандар 45 мыңға жуықтап қалды. Дегенмен сарапшылардың айтуынша, осы ауруға шалдыққан талай адам есепке алынбаған болуы керек. 

Қытай қазір жұмбақ вирустың таралуына шектеу қою үшін өзінің почта қызметін түгелдей дезинфекциялап жатыр. Өйткені сәлемдемелер мен хаттар арқылы коронавирус Қытаймен көршілес Солтүстік Корея, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан сияқты елдерге жетуі мүмкін. 

Ал Жапонияның Йокогама портының жағалауында тұрған круиздік кемеде коронавирус жұқтырғандар 174-ке жетті. Мұны осы елдің денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеп отыр. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу