Вашингтон университеті: Әлемде коронавирустан 18 миллион адам қайтыс болса керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вашингтон университеті: Әлемде коронавирустан 18 миллион адам қайтыс болса керек

11.03.2022

Әлемде коронавирустан 6 миллиондай емес – шын мәнінде одан үш есе көп адам қайтыс болса керек. Мұны Вашингтон университетінің ғалымдары мәлімдеп отыр. Олардың дерегінше жер шарындағы 191 мемлекеттің аумағында жүргізген зерттеу қорытындысына сай, планета бойынша 18 миллионнан астам адам ковидтің құрбанына айналған. Жаңа зерттеу әйгілі «Лансет» журналында жарияланды. Мәліметке қарағанда, коронавирустан өлгендер Латын Америкасы, Еуропа мен Африканың кедей елдерінде ғана емес, Италия, АҚШ тәрізді бақуатты мемлекеттерде де көп тіркелген.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу