COVID-19: Бейжіңде вирус жұқтыру жағдайы қайта көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

COVID-19: Бейжіңде вирус жұқтыру жағдайы қайта көбейді

10.12.2022

Қытайда карантиндік шектеулер жеңілдетілгеннен кейін мектептер мен кәсіпорындарда коронавирус жұқтыру оқиғалары қайта көбейіп келеді. Ел астанасы Бейжіңде инфекция қаупіне байланысты сауда орталықтары мен көшелер босап қалған. Қала тұрғындардың кейбірі эпиджағдай жақсарғанша бірнеше апта үйден шықпайтынын айтады.

Халқының саны 1,4 миллиардқа жеткен Қытайда үш жылда коронавирустан 5235 адам қайтыс болды. Кейбір сарапшылардың ойынша, Қытай локдауннан асығыс шығатын болса, онда ковид құрбандарының саны 1 жарым миллионға жетуі мүмкін.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу