Үндістанда коронавирус құрбандарының саны 500 мыңнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда коронавирус құрбандарының саны 500 мыңнан асты

04.02.2022

Үндістанда коронавирустан қайтыс болғандар 500 мыңнан асты. Ал «Сайэнс» журналының есебінше, бұл елде 2021 жылдың ортасына дейін 3 миллиондай адам індеттен қаза тапқан. Ресми Дели елдегі туу және өлім көрсеткіштерін тіркеу жүйесі сенімді деп, бұл болжамды жоққа шығарып отыр.

Жалпы, Үндістанда 42 миллионға жуық адамнан ковид анықталды. Оны жұқтыру деңгейі бойынша әлемде АҚШ-тан кейінгі екінші орында тұр. Дегенмен көптеген тұрғын тесттен өтуден бас тартуда. Яғни, науқастар саны ресми статистикадан әлдеқайда жоғары болуы мүмкін.

Айта кетсек, «омикрон» штамының тез тарауына байланысты Үндістанда қазір пандемияның үшінші толқыны жүріп жатыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу