Шығыс Қазақстанда орта мектептер онлайн оқуға көшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда орта мектептер онлайн оқуға көшті

08.12.2022

Өскемен қаласы мен 5 ауданда бірінші ауысымдағы нөлден тоғызыншы сынып оқушылары онлайн оқуға көшті. Себебі шығыста қайтадан сары аяз сақылдады.

Өткен түнде өңірдегі солтүстік аудандарда температура 30-33 градусқа дейін төмендеді. Сондықтан дизелмен жүретін көліктің барлық түріне Өскемен мен Семей аралығындағы жолға уақытша шектеу қойылды. Қазгидромет мамандары шығыста алдағы 3-4 тәулікте қатты аяз болатыны жөнінде хабарлама таратып жатыр. Сондай-ақ қатты аяздан Астана, Қарағанды, Қостанай, Павлодар мектептеріндегі тоғызыншы сыныпқа дейінгілер де онлайн оқуға көшті.

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу