Еліміздің алты аймағында оқушылар қашықтан оқып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің алты аймағында оқушылар қашықтан оқып жатыр

20.02.2024

Еліміздің алты өңірінде оқу онлайн өтіп жатыр. Шығыс Қазақстан облысындағы бірінші ауысымда оқитын барлық сынып оқушылары қашықтан білім алады. Абай облысында тіпті колледж студенттері онлайн оқуға көшті. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарының оқушылары сабақты қашықтан оқуда. Астанада да 9-шы сыныпқа дейінгі бірінші ауысымда білім алатын оқушылар онлайн форматқа көшті. Көкшетау қаласының бастауыш сынып оқушыларына онлайн білім беру ұйғарылды. Сақылдаған сары аяз салдарынан еліміздің 9 өңіріндегі республикалық маңызы бар 30 күре жолда көлік қозғалысы шектелгенін де айта кетейік.

Қаракөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу