Бірқатар өңірде оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірқатар өңірде оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды

22.11.2023

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы бұзылды. Қостанай облысында қар жауып, көктайғақ болып тұр. Ауа райының қолайсыздығына байланысты, облыс аумағындағы барлық мектеп пен колледждерде таңғы ауысымдағы сабақ уақыты қысқарып, түстен кейінгі оқу процесі толық онлайнға ауысты.

Ақмола облысында да бірнеше ауданда сабақ қашықтан оқытылып жатыр. Аймақта облыс аралық және республикалық жолдар жабылды. Батыс Қазақстан облысында да көктайғақ. Соған орай Атырау-Орал автожолы жабылды.

Ал Маңғыстауда қатты желдің салдарынан дауылды ескерту жарияланды. Ақтау қаласында және кейбір аудандарда мектептер онлайн оқуға көшті. Синоптиктер желдің жылдамдығы күшейіп, секундына 23-28 метрге дейін жететінін хабарлауда. Атырауда да жел күшті. Исатай ауданының мектептері қашықтан оқуға көшірілген.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу