Оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды

06.12.2022

Елордада қақаған аяз. Осыған байланысты мектептерде бірінші ауысымдағы барлық сыныптар мен колледждердің 1-2 курс студенттері онлайн оқуға ауыстырылды. Қарағандыда да 9-сыныпқа дейінгі оқушылар қашықтан оқуға көшті. Абай облысының кей аудандарында да қазір сарышұнақ аяз. Семейде бірінші ауысымда 1-9 сынып, Аягөз, Бородулиха, Жарма аудандарында 1-4 сыныптар онлайн форматқа ауыстырылды. Бесқарағай ауданында барлық мектептерде сабақ тоқтады. Оқушылар қашықтан оқуға көшті.   

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу