Қытайда карантиндік шектеулер жеңілдетіле бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда карантиндік шектеулер жеңілдетіле бастады

05.12.2022

Қытайда карантиндік шектеулер жеңілдетіле бастады. Осыған байланысты Бейжіңде коронавирусқа тест тапсыратын дүңгіршектер жабылып, қоғамдық көлікпен еркін қатынауға жол ашылып отыр. Дегенмен кейбір тұрғындар өздері жұмыс істейтін компанияларда әлі де ковидке қатысты тексеру тәулік бойы жүргізіліп жатқанына шағымданып отыр.

Айта кетсек, өткен айдың соңында Қытайда локдаунға қарсы шерулер ондаған қалада өтіп, қаупісіздік күштерімен қақтығысқа ұласты. Содан кейін бірнеше аймақтың басшылығы карантин мен тестілеуді доғаруға кірісті.

Соңғы мәліметке қарағанда, бұл мемлекетте қазір коронавирус жұқтыру оқиғалары азайып келеді.


Хабарламаларға жазылу