Германия қытайлықтардан тест нәтижесін талап етпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германия қытайлықтардан тест нәтижесін талап етпек

06.01.2023

Германия да Қытайдан келген жолаушылардан коронавирусты жұқтырмағанын дәлелдейтін тест нәтижесін талап етпек. Мұны денсаулық сақтау министрлігі бейсенбі күні мәлімдеді.

Айта кетсек, осыған ұқсас шешімді бұған дейін әлемнің ондаған елі қабылдаған. Қытай «нөл-ковид» саясатын желтоқсанның 7-де тоқтата бастады. Содан кейін бұл мемлекетте коронавирус қайта өршіп жатыр.

Соған қарамастан алдағы жексенбіде Қытайда жолаушылар үшін де карантиндік шектеулер жеңілдетілейін деп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу