Өңірлерде карантиндік шектеулер күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өңірлерде карантиндік шектеулер күшейтілді

18.06.2020

Эпидемиологиялық жағдай ушығып, еліміздің бірнеше өңірінде карантиндік шектеулер күшейтілді. Қостанай облысындағы күре жолдарға блокбекеттер қайта орнатылуда. Маңғыстаудағы Бейнеу ауданына да жылжымалы мобильді бекеттер қойылды. Демалыс орындары мен саябақтар, сауда орталықтары қайта жабылады.

Ал Қарағанды облысында маусымның 20-сы мен 21-нен карантин шектеулері күшейтіледі. Себебі өңірде індеттің бір аптадағы жұғу өсімі 19 проценттен асып кеткен.

Түркістан облысында да талап күшейді. Бүгіннен бастап халықтың қоғамдық орындарда серуендеуіне болмайды. Алаңдар мен саябақтар, субұрқақтар жабылады. Қоғамдық көліктер таңертең және кешке, екі мезгіл ғана рейске шығады.

Ал Көкшетауда 12 бағытта жолаушы тасымалдаған автобус паркі жұмысын тоқтатты. Себебі жүргізушілердің біріен коронавирус инфекциясы анықталды.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ


Хабарламаларға жазылу