Қатар-2022: Футболдан Әлем чемпионатының басталуына екі апта қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қатар-2022: Футболдан Әлем чемпионатының басталуына екі апта қалды

05.11.2022

Қатарда футболдан Әлем чемпионатының басталуына тура екі апта қалды. Турнир қарашаның 20-да әл-Хаур қаласындағы әл-Байт стадионында ашылады. Жарысқа 32 елдің ұлттық құрамалары қатысады. Футболдан әлем біріншілігі Таяу шығыс елінде алғаш рет өтпек. Дүниежүзілік теңбіл доп додасы елдің 5 қаласындағы 8 стадионда болады. Бір ай бойы өтетін шараға 1 млн 200 мыңдай жанкүйер барады деп күтіліп отыр. Матчтар кезіндегі қауіпсіздікті 50 мыңдай тәртіп сақшысы қамтамасыз етеді. Әлем біріншілігін Ұлттық арна мен Қазспорт телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу