Үздік әлеуметтік қызметкер марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үздік әлеуметтік қызметкер марапатталды

28.10.2022

Адам дүниеге келгеннен зейнетке шыққанға дейін қызмет алатын бір сала бар. Ол - әлеуметтік қорғау жүйесі. Бүгін сол күрделі мамандық иелерінің кәсіби мерекесі. Осыған орай, Астанада дәстүрлі салтанат өтіп, үздіктер марапатталды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі әріптестерінің зор еңбегіне алғыс білдіре келе, 88 адамға лайықты марапатын тапсырды. Олардың ішінде «Құрмет», «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» және «Шапағат» медальдері бар.

Мереке Мұхамедияров, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің СҚО бойынша аумақтық департаментінің басшысы:

Бүгін мен міне өте ризамын менің еңбегімді бағалап, Тамара Қасымқызының қолынан құрмет орденін алу және оның иегері болу мен үшін үлкен мәртебе.


Хабарламаларға жазылу