Бүгін - Мемлекеттік қызметшілер күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Мемлекеттік қызметшілер күні

23.06.2020

Бүгін сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер күні. Осыған орай, ел дамуына үлес қосқан, күрделі тапсырмаларды табысты орындағаны үшін 72 мемлекеттік қызметкер наградамен марапатталды. Олар - өздерінің аталмыш іске лайық екенін дәлелдегендер. Мереке қарсаңында «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» конкурсы да өткізілген. Байқауға Қазақстанның әр өңірінен 800-ге жуық маман қатысты. Жалпы бүгінде мемлекеттік қызметте 89 мың адам жұмыс істейді, оның 42 мыңнан астамы Республиканың өңірлерінде еңбек етіп жүр.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ 


Хабарламаларға жазылу