Жас көшбасшылар марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас көшбасшылар марапатталды

29.11.2014
Жас көшбасшылар марапатталды

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Талдықорғанда Алматы облысының жас көшбасшылары марапатталды. Облыс әкімінің арнайы жүлдесі өңір жастарын әр салада үздік атануға ынталандырады. Биылғы байқауда 17 аталым бойынша жүлде тағайындалды. Жетісулық жастар үшін бұл дода жыл соңындағы дәстүрлі шараға айналуда. «Үздік жас мемлекеттік қызметкер», «Жас саясаткер», «Жас дәрігер», «Жас мұғалім» сынды аталымдарда ерекшелене білген қыз-жігіттерге 150 мың теңге көлемінде сыйақы тағайындалды. Үздік атанған бір топ жастар бұл шара біздің биік шың алдындағы алғашқы асуымыз деп түсінеді. Үлгі тұтар Елбасы бар да, еңбекті бағалар ел ағалары бар да осындай көшбасшылар байқауы өз мағынасын жоғалтпайды.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу