Үздік әлеуметтік жоба авторлары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үздік әлеуметтік жоба авторлары марапатталды

18.09.2019

Жобаны "Нұр Отан" партиясы ұйымдастырды. 

Бүгін, «үздік әлеуметтік жобалар» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Салтанатты рәсімге «Нұр Отан» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Қаналимов қатысты. Байқауға жалпы саны 26 өтінім келіп түскен. Сайыс 5 бағыт бойынша өтті. Бірінші орынды «Мүгедектігі бар тұлғаларды қоса алғанда азаматтарды жұмыспен қамту» бағыты бойынша «Шексіз мүмкіндіктер технологиясы» жеңіп алды. Жеңімпаз қанжығасына алғыс хатпен қоса 1 млн теңге байланды.


Хабарламаларға жазылу