Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

26.06.2020

Бүгін БАҚ қызметкерлері күніне орай өткен салтанатты жиында танымал журналист Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды.

«Жігер» сыйлығына өтініш 2020 жылдың 26 мамыр мен 15 маусым аралығында mdq.kz сайтында қабылданды. Осы байқау ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылды.

«Жігер» сыйлығының «Әлеуметтік тақырыптағы үздік сюжет» аталымында «Хабар 24» телеарнасының тілшісі Мерей Шомаханова, «Әлеуметтік тақырыптағы үздік мақала» аталымында «Egemen Qazaqstan» газетінің ШҚО-дағы тілшісі Азамат Қасым, «Әлеуметтік тақырыптағы үздік фотосурет» аталымында Pavlodarnews.kz ақпарат агенттігінің фототілшісі Ольга Бугаева, «Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал» аталымында «Алматы» телеарнасының редакторы Ақжелең Рахатдинқызы алғашқы иегері атанды.

Хабарламаларға жазылу