Республика күні: Әскери институтты 71 офицер бітіріп шықты
Республика күні қарсаңында Ақтөбедегі Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты өзінің 25-інші түлектерін ұшырды. Білім ордасын ұшқыш және инженер мамандықтары бойынша 71 офицер бітіріп шықты. Олардың үшеуі Тәжікстан азаматы.
Салтанатты рәсім шаһардың орталық алаңында өтті. Дәстүр бойынша «Сағадат» маршы орындалып, алаңға оқу орнының Жауынгерлік Туы әкелінді. Сондай-ақ, алғашқы офицерлік вальсі биленді.
Бір қызығы, осы мерекелік сәтті пайдаланып, түлектердің бірі сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады. Талғат Бигелдиновтің есімі берілген бұл институт майдандық, әскери-көлік, армия авиациясының ұшқыштары мен инженерлері секілді 11 мамандық бойынша маман дайындайды.
Ислам Ербол, институт түлегі:
Төрт жыл бойы неше түрлі қызметтерде болып, жетістіктерге жеттік. Алдағы уақытта да осы мұғалімдерден, кәсіби сержанттардан алған білімді одан әрі жетілдіреміз. Басқа да әскери бөлімдерде қолданамыз. Сондай-ақ, алдағы мақсатым – Қазақсанның тәуелсіздігін сақтап, әрі қарай қызметімді жалғастыру.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ: 2 боксшымыз финалда
13.09.2025, 17:41

Елордада Қызылорда өңірінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылды
13.09.2025, 15:39
«Biken 3» халықаралық театр фестивалі басталды
13.09.2025, 15:33
Мерейлі отбасы – мемлекет тірегі
13.09.2025, 15:31
Астанада ұлттық құндылықтар ұлықталды
13.09.2025, 15:29
Шымкентте жасанды интеллектіге жол ашқан жаһандық форум өтті
13.09.2025, 15:27
Ақтауда үкіметтік емес ұйым өкілдерінің форумы өтіп жатыр
13.09.2025, 15:26
Жамбыл облысында ветеринариялық нысандардың тең жартысы талапқа сай емес
13.09.2025, 15:24