«Auyl make» жаңа жобасы таныстырылды
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы жаңа жобасының тұсаукесерін өткізді. Бағдарлама «Auyl make» деп аталады. Бастама Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша қолға алынған. Атап айтқанда, ел бойынша 100 мың жасты жұмыспен қамту және жас кәсіпкерлерге 2,5 пайызбен несие беру туралы тапсырмасына бағытталады. Партияның Жастар қанаты төрағасы орынбасарының айтуынша, бұл жоба арқылы 18 бен 29 жас аралығындағы жастарды жұмыспен қамтуға, білім алуға, бизнес бастауға септігін тигізеді. Жоспар бойынша 1500-ге дейін адамды оқумен қамтуды көздеп отыр.
Дәурен Рахымбек, «Ауыл» ХДП партиясы Жастар қанаты төрағасының орынбасары:
Онлайн оқытаулар арқылы, зум арқылы біз бірінші мектептегі мұғалімдерді оқытамыз. Мұғалімдер кемінде бір мектептен 25 оқушыға дейін қамтиды. Оларды біз берген әдістеме бойынша оқытады. Сол әдістеме аясында жастар жобаларын жазады. Жобаларының өтінімін толтыруға көмектесетін боламыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҚО-да күштік құрылым қызметкерлері арасында турнир өтті
16.10.2025, 17:35

«Арғықазақ мифологиясы» еңбегі түрік тіліне аударылды
16.10.2025, 17:33
Ұлы көшке 35 жыл
16.10.2025, 17:31
Шымкентте «Еңбек жолы» байқауының үздіктері анықталды
16.10.2025, 17:29
Атырауда Жайық жағасын тазалады
16.10.2025, 17:27
Шымкентте «Таза Шым» эко акция өтті
16.10.2025, 17:25
СҚО-да егін орағы аяқталуға жақын
16.10.2025, 17:23
«Дәстүр дәмі»: Оралда бас аспаздар бақ сынады
16.10.2025, 17:21