Бүгін елордада Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің сьезіне орай ұйымдастырылған концерт өтіп жатыр. Шараны 25 мыңнан астам қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады.
Дәл қазір шара барысынан ақпарат беру үшін Дархан Рахымжан тікелей эфирге қосылды.
Дархан рахымжан, тілші:
Бүгін елордадағы Экспо қалашығы аумағында аспан астында ауқымды музыкалық шара өтіп жатыр. «OPEN AIR» концерті – елімізде өтетін әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің сьезіне орайластырылған. Экспо қалашығының маңындағы шараға келген халықтың нөіпі өте көп. Әсіресе, жастар жағы басым. Себебі концерттің мақсаты да сол – жастарды ұйымшылдыққа, қоғамдық өмірге белсене атсалысуға шақыру, Мемлекет басшысының жолдауын қолдау. Президент өз жолдауында жастарға жағдай жасау, олардың сапалы білім алып, тұрақты жұмыспен қамтылуы, төмен пайызбен несие алуы сияқты мақсаттарды алға қойған болатын.
Мұхамеджан Болысбек, «AMANAT» партиясының орталық аппараты, коммуникация департаментінің директоры:
Мемлекет басшысының реформаларын қолдау аясында қала тұрғындары мен елорда қонақтары үшін «AMANAT» партиясы «Береке – бірлікте» атты ауқымды концерт ұйымдастырды. Дәл қазіргі уақытта біз саяси трансфармация дәуіріндеміз. «AMANAT» партиясына үлкен жауапкершілік пен міндет артылып отыр. Мемлекет басшысы жастарды қолдауға үлкен мән беріп отыр. Бүгінгі шарада да жастардың қарасы көп. Біздің мақсатымыз – оларды ұйымшылдыққа, қоғамдық өмірге белсене атсалысуға шақыру, патриотизм мен бірлікті насихаттау.