Шымкентте 57 мың азамат жұмыспен қамтылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 57 мың азамат жұмыспен қамтылмақ

19.07.2022

Шымкент қаласы бойынша биыл 57 мың 500 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.

Бүгінге дейін оның үштен бірі еңбекпен қамтылған. «Елімізде халықтың табысын арттыру бағдарламасы қабылданды. Бірақ, оның жұртқа тигізіп жатқан пайдасы шамалы. Ең алдымен, жергілікті жерлерде тиімді жұмыс жүргізілуі керек»,- деген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге жыл сайын әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашуды тапсырды. 

Бұдан былай өңір басшыларының жұмысын бағалаған кезде осы көрсеткішке баса мән берілмек. Бұл бағытта жұмыссыздық мәселесін шешу үшін Шымкент қаласында еңбекке араласатын азаматтардың 1 мыңнан астамына жеке кәсіп бастау үшін мемлекеттен қаржылай грант беріледі. Оған қоса 5 мыңға жуық адам уақытша жұмыспен қамтылады. Осылайша мегаполисте экономикалық жағынан белсенді халық саны 450 мыңнан асқалы отыр. 

Бекзат Толыбаев, Шымкент қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары:

Биылғы жылға 23 мың 230 адамды бос және жаңа жұмыс орындарымен қамту жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 6 мың адам жайғасты. Жұмыссыздық деңгейі Шымкент қаласында 5,1 пайыз болса, жыл соңына дейін оны 5 пайызға түсіру туралы нақты жоспарымыз бар.

Ғани Қалмаханов, Н. Нұрбек

Хабарламаларға жазылу