Түркістан облысында 167 мектеп жалпыға бірдей білім беру талаптарына сай емес. Мемлекеттік атттестациялау кезінде өңірдегі оқу ордаларының 92%-ына кемшілік анықталған. Оған ғимарттың тарлығы, санитарлық-тазалықтың дұрыс сақталмауы, оқу құралдарының жетіспеуі және мұғалімдер тәжірибесі біліктілік санатына сәйкес келмеуі себеп. Арнайы жүргізілген тексеріс кезінде облыстағы 14 білім беру ұйымында ғана орталық талаптардың қатаң сақталғаны белгілі болды. Өңірде жалпы саны 366 мектеп бар. Бүгінгі таңға дейін оның жартысына жуығы ғана тексеруден өткен.
Ғалымжан Алматов, Түркістан облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы:
Олар екінші атестаттауға өтеді. Ал мектептер екінші атестаттаудан өте алмаған жағдайда біз профилактикалық бақылау арқылы мектепке бақылауға барамыз. Сол тексерудің нәтижесінде нұсқама береміз. Нұсқаманың уақыты болады. Ол орындалмаған жағдайда сот орындарына жолдама жіберетін боламыз.
Түркістан облысында мектеп мұғалімдерін еркінен тыс жұмыстарға жегу де тыйылар емес. Осыған байланысты түскен шағымдар бойынша 7 әкімшілік іс қозғалды. Ал жоспардан тыс тексеру жүргізген топтардың әрекетіне байланысты 40 арыз құзыретті органдардың қарауына жолданды.