Қазақстан футбол федерациясының тренері мен президенті ауысты. Бұл неге әсер етті? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан футбол федерациясының тренері мен президенті ауысты. Бұл неге әсер етті?

25.06.2022

Футбол үлкен спорт, футбол үлкен ақша, футбол үлкен саясат. Ал, саясат жүрген жерде елдің бет-беделі, абыройыжүретінін білесіз. Біздің абыройды ұлттық құрама командасы арқалап жүр. Әлбетте, Қазақстан УЕФА-да деңгейі орташадан төмен саналатын құрама. Талай топтық кезеңде көшс оңында жүрдік. Ойынның сәні, футболдың мәні болмады. Бірақ, Ұлттар лигасындағы соңғы кездесулер елдің еңсесін тіктеп, сенімді оятқандай. Дегенмен, сарапшылардың пікірі басқа.

Олжас Байбосын, спорт комментаторы:

"Біздің ұлттық құрамада шын мәнінде ойын жоқ. Ал, өткен төрт ойында негізі бізге сәттілік серік болды көп жағдайда. Мойындауымыз керек. Біздің ұлттық құраманың деңгейі, бапкері де жоғары деңгейдегі маман емес. Әйтеуір, бірмаусымда Қазақстан осындайжетістікке жетуі тиіс еді. Мұндай Грузиямен де болған. Мұндай ортаңқол, төмен деңгейдегі командалармен арасында болып тұрады өзі".

Алайда, соңғы жеңісті ойындарға дейін Қазақстан футбол федерациясында үлкен өзгертулер болған. Сәйкестік пен сәттілік деуге келеме?!

Ермұхамед Мәулен, ҚФФ баспасөз қызметінің жетекшісі:

"Қазақстан ұлттық құрама командасының бас бапкері ауысты. Команданың менеджерлік құрамы дейміз ұлттық құрамалард ирекциясы түгел ауысты. Сол жаңадан келіп жатқан мамандар нәтиже үшін, ел абыройы үшін , Қазақстан футболының намысы үшін жұмыс істеп жатыр".

Қазақстанның ұлттық құрамасы ұлттар лигасының «С» тобындағы көшбасшылығын сақтап, «В» тобына өтсе одан кейін еуропа чемпионатына жолдама алуы мүмкін. Бұл үлкен мүмкіндік, үлкен жеңіс. Енді футболдан ұлттық құраманың ішкі істеріне үңілсек. Көптеген алып-қашпа әңгімелер, жағымсыз пікірлер айтылады. Мысалға, ұлттық құрама сапынан табылуға таланттан бұрын таныс керек дегендей...

Асқар Хамиденов, "Спортты қолдау" қорының баспасөз хатшысы:

"Ұлттық құрамаға мықтылар келеді ғой. Футбол туралы білеміз,айналасында жүрміз. Кім бабында сол ойыншылар келеді негізі. Біреу таныс тартады дейді, біреу көкесі звандайды дейді, енді мен ойлаймын федерация да өз-өздеріне жау емес. Бірінші кезекте ол кісілерге де нәтиже керек. Сондықтан, бас бапкерге сенім білдірілді деп ойлаймын".

Олжас Байбосын, спорт комментаторы:

"Біздің ұлттық құрамада қазір таңдау жоқ қой. Барымен ойнап жатыр. Ал, алдындары ұлттық құраманың кесек ойыншылары болатын. Самат Смақов, Нұрбол Жұмасқалиев. Сол кездерде үздік ойын ойнағанбыз біз 2008 жылдары. Ал, қазір бір футболшының өзінің тұрақты орны жоқ. Ол бір ойында негізгі құрамда шығып, үш айдан кейін мүлде ұлттық құрамаға шақыртылмауы мүмкін. Ал, негізі бес алты ойыншыдан құралып, сол 5-6 ойыншы ойынды жасауы керек".

Тағы бір маңызды мәселе бар. Бұрын қазақ доп тебе алмайды дейтіндер көп еді. Оның үстіне ұлттық құрама командасы түрлі ұлттардан құралған команда еді. Бірең-сараң қазақ жүретін. Қазірше?!

Ербол Қайыров, спорт комментаторы:

"Мен 13-інші жылдан бастап Қазақстан құрамасына барып, көріп жүрмін. Раздевалкасын. Сол себепті, қазір салыстыра аламын. Бұрын қалай болғанын ,қазір қалай екенін. Мысалы, бұрын тек ғана орыс тілінде сөйлейтін. Ал, қазір қазақша да, орысша да сөйлейді. Басқа ұлттар және қазақ жігіттер. Негізі жаман емес".

Футбол дегенде ақша деген сөз қатар жүреді. Футболшының бәрі миллионер, добы мен долларларды дөңгелетіп жүр дейміз. Рас, олар клубтарда жақсы жалақы алады. Ал, ұлттық құрамада ел намысын қорғап, ойын көрсеткені үшін қанша алады екен?!

Ермұхамед Мәулен, ҚФФ баспасөз қызметінің жетекшісі:

"Бірде бір сомма жалақы алмайды. Бұл бірінші мәселе. Көптеген жанкүйерлер айтып жатады, футболшылар қыруар қаржы алады, көптеген шығындары бар, ұшақпен ары-бері жүреді деген сияқты. Мұның барлығы жалған. Ол әр ішкі біріншілікте, Ордабасы, Тараз, Қайрат сияқты командалардан жалақы алғанымен ұлттық құрамаға келгенде ешқандайжалақыалмайды. Демек олар не үшін ойнайды, ел абыройы үшін ойнайды".

Футболдан ұлттық құраманы сапалы дайындау мақсатында Ұлттық Олимпиада комитеті Федерацияға 2018 − 2021 жылдары 195 млн теңге берді. Кәсіпқой командалардан бөлек Федерацияға «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» корпоративтік қоры тікелей қолдау көрсетеді. 2018−2021 жылдары футбол бірлестігіне 4,4 млрд теңге көлемінде қаражат жіберілген. Сонымен қатар, 2012−2021 жылдар аралығында УЕФА тарапынан клубтарды лицензиялау жүйесін, бұқаралық футбол бойынша УЕФА жарғысын, УЕФА жаттықтырушылар конвенциясын, әйелдер мен балалар-жасөспірімдер футболын дамыту бағдарламаларын жүзеге асыруға, УЕФА Ұлттар Лигасына қатысуға және елордада Федерацияныңбазасын салуға 30,5 млн евро көлемінде қаражат бөлінді.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу