Мәулен Әшімбаев: Заңнамаға тиісті түзетулер енгізуіміз қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәулен Әшімбаев: Заңнамаға тиісті түзетулер енгізуіміз қажет

09.06.2022

Реформа референдуммен шектелмейді. Сондықтан сенат депутаттары конституцияға енгізілген түзетулер бойынша сапалы заң шығаруда белсенді болуы керек. Ел азаматтары таңдауын жасау арқылы үлкен өзгерістерге дайын екенін көрсетті. Халықтың қалауын іске асыру – Парламенттің негізгі міндеті,-деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев. Демек, «Жаңа Қазақстан» құру жолындағы жұмыс енді қыза түсті. Бағдар демократиялық, құқықтық, әділетті және әлеуметтік мемлекет қалыптастыру.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Президент айтқандай, конституциялық реформа бүкіл құқық саласын жаңғыртуға жол ашады. Бұл Парламентке үлкен әрі жауапты міндеттер жүктейді. Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес, заңнамаға тиісті түзетулер енгізуіміз қажет. Сенаттың да жұмысын жетілдіру керек. 

Сондай-ақ, Сенат спикері мемлекет басшысының сайланғанына үш жыл толуына орай пікір білдірген болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев Президент болған 3 жылда саяси реформалар негізгі басымдыққа айналды. Экономикада, саяси және әлеуметтік жүйеде де елеулі өзгерістер бар. Нақты шаралар жүзеге асырылып жатыр, деді Мәулен Әшімбаев.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу