Қостанайда халықаралық балалар күні кең ауқымда мерекеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда халықаралық балалар күні кең ауқымда мерекеленді

01.06.2022

Қостанайда халықаралық балалар күні кең ауқымда мерекеленді. Таңертеңнен орталық алаңда бастауыш сынып оқушылары «Мен әлемді көремін» тақырыбында асфальтқа сурет салды. Жеткіншектердің түрлі түсті бояумен өздерін қоршаған дүниені бейнелеген туындыларын көпшілік тамашалайтын болады. Сонымен қатар түрлі қолөнер бұйымдарының көрмесі де ұйымдастырылды. Мұнда жіптен, жүннен, сабаннан және ағаштан жасалған дүниелер қойылған. Шеберлер қызығушылық танытқан балдырғандарға оның жасалу тәсілдерін де көрсетеді. Көрменің соңы концертке ұласты. Облыс басшылары тарапынан білім олимпиадаларында жүлдегер болған оқушыларға марапат қағаздары мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Нұрлан Базылтай, Республикалық олимпиада жеңімпазы:

Биология пәнінен алтын жүлде алдым республикалық олимпиадада. Дайындаған ұстаздарыма, мектебіме алғыс айтамын. Алдағы мақсатым әлем олимпиадасында жеңіп, Қазақстан еліне жүлде алып келу.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу