Алғыс айту күні елімізде кең ауқымда тойланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алғыс айту күні елімізде кең ауқымда тойланды

04.03.2018

Наурызда іркес-тіркес келетін мереке көп. Бай бейсенбіде Еділ мен Алтайдың арасындағы ағайын Алғыс айту күнін атап өтті. Жалпы, ұлт ретінде қазақтың қаһарлы қадым тарихы мен қауқары қайтып, бодан болған берекесіз бертініне үңілсеңіз де, өзге ұлттардың обалына қалып, қарғыс арқалаған тұсы жоқ. Қайта кең қолтық, үлкен жүректі халқымыз саяси сүргінге түсіп, Отанынан сүрілген сан ұлтты бауырына басты, бағын ашты. Олар қазір Тәуелсіз Қазақ елінде ұрпақ өрбітіп, ұлы далада бірлікке ұйып отыр. Сондықтан да болар, осыдан екі жыл бұрын күнтізбемізге енген Алғыс айту күні елімізде кең ауқымда тойланды. Елбасы да бұл күні мұқым жұртқа ілтипатты лебізін жеткізді.

Хабарламаларға жазылу