Астанада ең «тәтті» шара өткізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ең «тәтті» шара өткізіледі

13.06.2014
Астанада ең «тәтті» шара өткізіледі
Астанада кондитерлік өнім шығаратын 20-дан астам кәсіпорын 4 шілде күні Конгресс-холлда өтетін Кондитерлер фестиваліне қатысады.
 
Фестиваль кондитерлік шеберлікті дәріптеуге бағытталған. Сондай-ақ, фестиваль аспаз шеберлерге өздерінің тәтті туындылары мен таңдаулы тағамдарын кең ауқымда таныстыруға және тәттіқұмар жандарға дәмді мерекені бастан өткеруге таптырмас мүмкіндік.
 
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Астана тұрғындары мен қонақтарына бұл күннің басты сыйы «Астана - сүйікті қалам!» торты ұсынылады.
 

Хабарламаларға жазылу