Алматыда жол апатынан бір адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жол апатынан бір адам қаза тапты

20.05.2022

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылы бойында жантүршігерлік жол апаты болды. Бір адам қаза тауып тағы бірнеше жолаушы жарақат алған. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомствоның мәліметі бойынша түнгі сағат 23:45 шамасында шетелдік қымбат көліктің тізгінінде 21 жасар азамат болған. Ол рөлге ие бола алмай, бетон жиектасқа соғып, кейін өзге бір автокөлікке соғылған. Әрі қарай жарнамалық тақтаның металл тірегін жаншып екіге бөлініп қалған. Осы жол апатының салдарынан бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Өзге төрт адам әртүрлі дене жарақатымен емдеу мекемелеріне жеткізілді.   

Хабарламаларға жазылу