Алматыда екі автобус соқтығысып, 1 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда екі автобус соқтығысып, 1 адам қаза тапты

08.11.2022

Алматыда екі автобус соғылып, бір адам қаза тапты.

Қуан Нұрақын, тілші:

Оқиға Абылай хан мен Төле би көшесінің қиылысында болған. Куәгерлердің сөзінше, екі қоғамдық көлік жол ортасында бір-бірімен соқтығысып, қарсы беттегі саябақтың аумағына кіріп кеткен. Полицияның хабарлауынша, жол апатынан 1 адам қаза тауып, әртүрлі дене жарақатымен 19 адам ауруханаға жеткізілген. Жол бойында тұрған жаяу жүргіншілер де зардап шекті. Қазір апат болған жерде құзырлы орган қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.


Хабарламаларға жазылу