Алматы облысында жол апатынан бір адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

09.12.2021

Алматы облысының Қапшағай қаласында ауыр жүк көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапты. Қайғылы оқиға қала ішінде болған.

Куәгерлердің сөзінше, жүк көлігінің жүргізушісі ұйықтап кеткен болуы мүмкін. Соның кесірінен бағдаршамда тұрған жеңіл автокөлікті бар екпінімен келіп соққан. Машина салонында отырған 39 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Ал тізгінде болған азамат түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Бұл оқиғаға қатысты тиісті сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.


Алматы жол апаты

Хабарламаларға жазылу