Жамбыл облысында жол апатынан бір адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

15.06.2022

Жамбыл облысында бірден 14 көлік соқтығысып, жол апатына ұшырады. Бірнеше көлік өртке оранып, оншақты адам зардап шекті. Бір адам оқиға орынында қаза тапты.

Нұрдос Болатұлы, тілші:
Оқиға бүгін түнгі үштер шамасында болған. Алматы-Ташкент тас жолының 545-ші шақырымында Тараз қаласы бағытына келе жатқан жүк көлігінің тіркемесі өртеніп, жолда кептеліс туындайды. Арада жарты сағат уақыт өткенде «ДАФ» жүк көлігі жолда тоқтап тұрған көліктерге келіп соқтығысады. Салдарынан тағы екі жолаушылар автобусы мен бір жеңіл көлік өртке оранады. Жолаушылар тасымалдайтын көліктерде 90 адам болған.

Жол апатынан оқиға орынында 1 адам қаза тауып, зардап шеккен 12 жолаушы ауруханаға жеткізілді, оның 3-уі Өзбекстан азаматы болып шықты. 4 жолаушы жансақтау бөлімінде жатыр. Соқтығысудан 14 көлік зақымданып, 3-і өртеніп кеткен. Ал полиция қызметінің ресми ақпатарына сүйенсек, тіркемесі өртенген жүк көлігі «Күйік» асуындағы айналма жолмен емес, ауыр салмақты көліктерге тиым салынған жолмен жүріп, ереже бұзған. Қазір аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған.


Хабарламаларға жазылу