Бұл туралы Республикалық балаларды оңалту орталығының директоры айтты. Жыл соңына дейін 30-ға тарта орталық ашылады. Сәйкесінше, балалардың емдік шара қабылдауына мүмкіндік артады. Биыл балалардың денсаулығына ерекше көңіл бөлінбек. Әсіресе, жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан, есту, көру мүшесінде кемістігі бар және аутизм, жүре алмайтын бүлдіршіндердің саулығына бағытталған шаралар көп. Әуелі өңірлердегі орталықтарға бақылау күшейеді. Алыс ауыл аймақтағы балалардың емдік оңалту жұмыстарымен қамтылуы, басты назарға алынбақ. Балаларды дертінен айықтыруға көмектесетін жаңа халықаралық классификация түрін енгізу жоспарланған. Оңалтуға септігін тигізетін эрготерапия сияқты тың мамандар қатарға қосылмақ. Елімізде ерекше күтімді қажет ететін балалар саны 100 мыңға жуық.
Шолпан Бөлекбаева, Республикалық балаларды оңалту орталығының директоры:
Жылдың басынан 10 орталық ашылды. Тағы 17 орталық ашылайын деп жатыр. Былтыр 50 мыңнан астам бала емделсе биыл жаңағы орталықтар ашылғаннан кейін 60-70 мыңға дейін барады деп ойлаймын.
Раушан Сайлауқызы