Бүгін УЕФА Чемпиондар Лигасы жартылай финалының қарымта ойындары басталады
Бүгін УЕФА Чемпиондар Лигасы жартылай финалының қарымта ойындары басталады. Испанияда Вильярреал командасы ағылшындық Ливерпуль құрамасын қабылдайды. Бір апта бұрын Энфилдте өткен бірінші ойында Юрген Клопптың шәкірттері 2:0 есебімен басым түскен еді. Қызылдардың финалға өтуге мүмкіндігі көп. Футбол сарапшылары да Ливерпуль командасы жеңіске жетеді деген болжам айтуда. Командалар бұған дейін 2016 жылы Еуропа лигасының жартылай финалында жолыққан. Ол кезде де қос ойынның нәтижесі бойынша 3:1 есебімен ағылшындық команда жеңген еді. Ойынды бүгін түнгі сағат 1-де «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар. Ал ертең Реал-Мадрид – Манчестер сити кездесуі өтеді. Бұл матчты да біздің арна тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
25-ші қазан – еліміз үшін маңызды күн
17.10.2025, 13:18

Солтүстікте «Серпін» бойынша оқыған жастардың 14% ғана тұрақтап қалған
17.10.2025, 13:14
Алматыда Салық кодексіндегі өзгерістер талқыланды
17.10.2025, 13:10
Дәрігер: Пешенеме адам өмірін сақтап қалу міндеті жазылған
17.10.2025, 13:07
Өзбекстанда Қазақстанның медицина күндері өтіп жатыр
17.10.2025, 13:05
Газаны қайта құру жоспары ұсынылды
17.10.2025, 13:02
Астанада тұрақ ақысы минутына есептелетін болды
17.10.2025, 13:00
2026 жылы Қазақстанда шәкіртақы қандай болады?
17.10.2025, 10:30