Жаңа партия құрудағы жеңілдіктер қоғам дамуына әсер етеді
Елімізде жүзеге асып жатқан Конституциялық реформа саяси партиялар арасында бәсекелестікті қалыптастырып, азаматтардың ел дамуына атсалысуына үлкен мүмкіндік береді. Әсіресе жаңа партия құрудағы жеңілдіктер тұрғындардың қоғамдық жұмыстарға белсенді болуына жол ашады. Қазақстанның қоғамдық даму институтының сарапшысы Бауыржан Серікбаев саяси партияларды тіркеудегі жеңілдіктердің қоғамға әсерін атап өтті. Оның айтуынша, саяси партияны тіркеу үшін қолдаушылардың саны 5 мың адамға қысқаруы оң өзгерістерге әкеледі. Ал партиялар Парламентке өту үшін бұрын 7 пайыз дауыс алу керек болса, ол меже қазір 5 пайызға дейін түсті.
Бауыржан Серікбаев, саясаттанушы:
Мұның бәрі алдағы уақытта саяси партияға бірігемін, жаңа партия құрамын деген азаматтар үшін де жасалып жатқан оң өзгеріс. Біздің мемлекетімізде жаңа партиялардың құрылуына және қазіргі бар партиялардың да жаңаша форматта жұмыс істеуіне серпін береді.
Сәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ: 2 боксшымыз финалда
13.09.2025, 17:41

Елордада Қызылорда өңірінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылды
13.09.2025, 15:39
«Biken 3» халықаралық театр фестивалі басталды
13.09.2025, 15:33
Мерейлі отбасы – мемлекет тірегі
13.09.2025, 15:31
Астанада ұлттық құндылықтар ұлықталды
13.09.2025, 15:29
Шымкентте жасанды интеллектіге жол ашқан жаһандық форум өтті
13.09.2025, 15:27
Ақтауда үкіметтік емес ұйым өкілдерінің форумы өтіп жатыр
13.09.2025, 15:26
Жамбыл облысында ветеринариялық нысандардың тең жартысы талапқа сай емес
13.09.2025, 15:24