Батыс Қазақстан Республика бойынша жол сапасы ең төмен өңір болып саналады
Батыс Қазақстан Республика бойынша жол сапасы ең төмен өңір болып саналды. Күре жолдың 61 пайызында мүлдем асфальт жоқ. Президент үш жыл бұрын өңірге сапарында Бөкей ордасы, Жәнібек, Казталовтағы жол құрылысын 2021 жылы аяқтауды тапсырды, өзінің жеке бақылауында болатынын айтты. Алайда жоба әлі біткен жоқ.
Ізін ала Премьер-министр Әлихан Смайылов өңірге жұмыс сапарымен барды. Жауаптыларды сынға алып, жұмысты жеделдетуді тапсырды.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
Ғали Нәжімеденұлы, осыдан тура бір жыл бұрын дәл осы салаға жауапты орынбасарыңыз Президенттің тапсырмасымен қызметінен босатылған еді. Бір жыл өтсе де, проблема әлі шешілмеген. Өңірдің проблемалары тез әрі тиімді шешілуі үшін үнемі Президент араласып, тапсырма беруі қажет пе?
Расында да, Президент араласпаса жұмыстың жүйеленер түрі жоқ. Мұны Республикалық жолдарға жауапты ұлттық компанияның төрағасы да мойындады.
Мерхат Қасымбаев, «Қазавтожол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:
Қазір мемлекет басшысының қадағалауында тұрғандықтан 2-3 жылдың аймағында Республикалық жол мақсатында қарастырып, барлық жағдайды шешуге тырысып бағамыз. Жергілікті жолдарды облыс әкімдігі өз қадағалауына алар деген үміттеміз.
Үкімет басшысы құзырлы орган басшыларына жыл соңына дейін жергілікті жолдардың жағдайын 39-дан 46%-ға дейін көтеруді тапсырды.
Атырауда да тура осы жағдай. Облыс орталығы мен Астраханьды байланыстыратын күре жолдың құрылысы сағызша созылып, бітер емес. Тіпті, толықтай тоқтап қалған кездері болды.
Қуаныш Есмағамбетов, Аққыстау ауылының тұрғыны:
Международный трасса болғасын фуралар көп жүреді. Бір біріменен, фураның шаңының көптігінен легковой машиналардың соғысуы көп мына жерде. Сондықтан авариялар көп мына жерде. Жол жоқ вообще алынып жатқан. Техника да жоқ. Кеше осы министр келеді деп техникалар келді.
Ескі проблема жаңа өңір басшысына «мирас» болып қалды. Серік Шәпкенов мердігерлер өтірік есеп бергенін айтады.
Серік Шәпкенов, Атырау облысының әкімі:
Мына жерде баяндағандар подрядчиктер баяндады. Біздің осындай техникамыз жұмыс істеп жатыр. Осындай материал алдық деп. Көзге қарағанда оның бәрі сәйкес келмеді.
Бақылау жоқ жерде тоқырау көп. Осылай деген Қайырбек Өскенбаев жауапты мамандарға "Атырау-Астрахань" жолының құрылысы аяқталғанша сол жерде тұрып жұмыс істеуді тапсырды.
Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:
Бір әкімнің орынбасарын белгілеп қойдық. Біз министрліктің тарапынан комитет басшысының орынбасарын, Қазавтожол басшысының орынбасарын, сосын барып сапа тексеретін орталықтың басшысының орынбасарын осы жерге жіберіп, бейсенбіден бастап Атырау қаласында тұрып, бүкіл жолды аралатып, осы жол біткенше дейін осы жерде тұратын болады.
Министр жыл соңына дейін жолдың барлық ұзындығы бойынша қозғалыс ашылады деп уәде берді.
Ал Маңғыстау облысында колледж мұғалімдері көшеге асфальт төседі. Әлеуметтік желіде Бақдәулет Қуантарұлы жариялаған видеосы қызу талқылануда. Айтуынша, білім беру ұйымының директоры бір топ ер мұғалімге өндірістік алаңның 25 шаршы метр аумағына асфальт төсеткен.
Мәселе тағы мердігерге кеп тіреледі. Міндетін толық орындамай, жұмысын аяқсыз қалдырған.
Бақдәулет Қуантұрлы, Қарақия кәсіптік колледжінің мұғалімі:
Площадкіде караскілейтін кабина салған болатын. Ол кабинаға апаратын жолды салуға ұтып алған сол мердіген мекеме ме сол жасау керек негізі заң бойынша. Ал соны мұғалімдерге жасатып отыр. 02:05 окошкіде осылай бізге жасатып қойып тұр ғой енді. Ол болмайды ғой негізі. Біз наоборт окошкіде өзіміздің білімімізді дамытып, Мысалы мен дәнекерлеуден сабақ берсем сол дәнекерлеу кабинетінің жабдығын дайындау керекпін мен. Далада асфальт төсеу міндетім емес.
Ал, колледж басшысы ешкімді мәжбүрлемегенін алға тартты. Айтуынша білім беру ордасының материалдық базасын жетілдіру оқытушылардың міндетіне жатады. Олар лауазымдық міндеттерін орындады дейді.
Далабай Бекмағанбетов, Қарақия кәсіптік колледжіінің директоры:
Квадрат метр жерге өндірістік оқу шеберлері өз күштерімен, өздерінің еркімен, өздерінің ынтасымен осы подъезный жолды жасады. Бұл жерде мен оқытушыларға, анығырақ айтқанда өндірістік оқыту шеберлеріне ешқандай қысым көрсетілген жоқ.
Ал былтырғы жөндеу жұмыстарынан кейін жолдың тура ортасы қайта тесіліп, астынан құбыр жүргізілген. Бірақ, ол жерге қайта асфальт төселмепті.
Жеңіс Қосанова, «Bastau» қызмет көрсету ұйымының өкілі:
КСКның атынан бірнеше рет хат жазған болатынбыз. Именно жолды жақсылап жасап берсін деп. Бірақ, біздің жазған хатымыздан кейін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Ахмет Батырханұлы, қала тұрғыны:
Шұңқырдың бәріне брусчатка салып қойған. 1-2 жауын жауса қайтадан бітті, қайра шұңқыр болады. Содан қашып, мәшинелердің бәрі бірін бірі соғып жатады, ұрынып жатады.
Көше бойында суағар да, жиектастар да жоқ.
Сатай Жапар, қала тұрғыны:
Көлкілдеп жатқан су. Толып жатқан су. Суды ығыстыратын жері жоқ. Жан жақтан жасалғандардың бәрі. Ахуал осындай болып жатыр. Астананың ортасында, жүрегінде тұрып жатып осындай жолмен жүрсек біз өзіміз намыстанады екенбіз.
Тұрғындардың шағымын арқалап, әкімдікке бардық. Олар жағдайды білеміз, мәселені биыл толық шешеміз деп отыр.
Серікболсын Жалғасов, Нұр-Сұлтан қаласы көлік және жол жүйесін дамыту басқармасының бас маманы:
Ағымдағы жылы Қошқарбаев көшесінен Мұстафа шоқай көшесіне дейін жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр. Пайда болған шұңқырларды жауып, выравнивающий слой төсеп, үстіне 2-слой төсейміз.
Бастысы, жауапты органдар түзу-түзу жолдарды суретшідей сомдап қана қоймаса, болғаны..
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
