Ақтөбе облысында суға кеткен үй саны 119-ға жетті. Өкініштісі, соңғы күндері «үйім суға» кетті деп жалған ақпарат беретіндер көбейген. Салдарынан төтенше жағдай қызметкерлері көмекке шын мұқтаж жандарға уақытылы жете алмаған.
Жақсыбек Кемал, тілші:Өткен тәуліктерде техника күшіне, құм мен қапшыққа сұраныс жоғары болды. Соны пайдаланған кейбір пысықайлар тегін құралдарды өзгелерге сатып, пайда таппақшы болған. Олардың әрекетін қала әкімдігінің мамандары байқаған. Қазір бұл деректерді полицейлер тексеріп жатыр. Дегенмен, қазір облыста жағдай қалыпты, бірқатар аумақта су деңгейі түсті.Осы уақытқа дейін 315 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Үйлері суға кеткен тұрғындар дүние-мүліктерін түгендеп, шығындарын есептеп жатыр.
Өткен тәуліктерде 315 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір уақытша паналау орындарында 114 адам бар. Қала тұрғындары мен кәсіпкерлер оларға киім-кешек, азық-түлік жеткізіп беріп жатыр. Өңір басшылығы, «үйі суға кеткендер көмексіз қалмайды» деп мәлімдеді. Қазір облыс бойынша екі ауданаралық жолда су тасу қаупі сақталуда. Ал, 3 елдімекенге қатынас уақытша үзілген.
Жақсыбек Кемал