Украинадан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау жалғасып жатыр
Польшаның Катовице қаласынан Қазақстан азаматтарын тасымалдайтын бесінші рейс ұшып шықты. Елорда уақыты бойынша сағат 8:50-де көкке көтерілген ұшақ Алматы қаласына келіп қонады деп жоспарланған. Бортта Украинадан эвакуацияланған 89 жолаушы бар.
Осы уақытқа дейін 553 отандасымыз шығарылған. Оқ пен оттың ортасынан елге оралған тағы бір жерлесіміз елшілікке жүрекжарды алғыс айтты. Мұндай дүрбелең елімізде болмасын деген тілегін жеткізді.
Айжан Головань, қала тұрғыны:
Қазақстандықтар шекараға жеткен сәтте қауіпсіз жерде екенін сезініп, қуаныштан жылады. Соғыстың тезірек біткенін тілейміз. Аспанымыз әрқашан ашық болсын. Оқушылар бұрынғысынша мектепке барып, тұрғындар өз тіршілігін жасап жүрсе деймін.
Мақпал Ауғанбай
Автор
Мақпал Ауғанбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгия Қазақстанның антиядролық бастамаларын қолдайды
27.09.2025, 18:08

Тарихи матч: үлкен экрандағы ашық көрсетілім
27.09.2025, 18:05
Елордада кәсіподақтар экологиялық акцияға қатысты
27.09.2025, 18:04
Астанада журналистер арасында «Көш» ойынынан жарыс өтіп жатыр
27.09.2025, 18:02
Астанада «Асыл мұра» этнофестивалі өтті
27.09.2025, 17:59
СҚО-да ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
27.09.2025, 17:56
Алматыда New York Film Academy филиалы ашылды
27.09.2025, 17:49
Биыл Қызылорда облысының жастарына 100 пәтер беріледі
27.09.2025, 17:46