«Жетісу» радиосы хабар тарата бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жетісу» радиосы хабар тарата бастады

02.02.2022

Бүгіннен бастап жер жаннаты Жетісу өңірінің өз радиосы хабар тарата бастады. Облыстық «Жетісу» телеарнасының жанынан құрылған жаңа ұжым тәулік бойы елден және өңірден ақпарат жеткізіп, облыс тұрғындарының әсем-әуен, әуезді күймен сусындап рухани қуаттануына үлесін қоспақ.

1997 жылға дейін облыста радио болған. Араға ширек ғасыр салып, бағыты мен бағдарын жаңартып, білікті жас мамандармен толықтырылған радио алдымен облыс орталығы мен шалғай елдімекендерге таратылады. Жеке дара жиілік алғанға дейін бір жылдай уақыт дайындық жұмыстары жүргізіліп, қажетті музыка қоры жинақталды. Жаңа радионың материалдық-техникалық базасы нығайтылып, өз алдына жеке ғимарат беру мәселесі қарастырылып жатыр. Ал болашақта еліміздің өзге де аймақтарының толқындарына шығу жоспарланған.

Есболат Айдабосын, «Жетісу» радиосының жетекшісі:

Қырғызстан, Қордай жаққа барсаң, қырғыздың радиосы, Қытай шекарасына шықсаң, Қытайдың радиосы сөйлеп тұрады. Сондықтан біз Жаркент аймағын, Алакөл, Райымбек ауданын, бірінші кезекте сол жақты қамтуға тырысып жатырмыз. Әзірге Шаған тауының басында бір радиотаратқыш құрылғымыз қойылды. Ол осы Талдықорған аймағын қамтып тұр


Хабарламаларға жазылу