«Classic» радиосы - эфирде 5 жыл! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Classic» радиосы - эфирде 5 жыл!

03.06.2016
«Classic» радиосы - эфирде 5 жыл!

Түрлі жанрлар мен ұлттық мектептердің академиялық музыкасының негізінде таралатын Қазақстандағы классикалық музыканың жалғыз радиостанциясына - 5 жыл.

Радио 2011 жылғы 6 маусымда хабар тарата бастады.

Қазіргі таңда радио толқыны Алматы (102,8 FM), Астана (102,7 FM) және Ақтау (103,0 FM) қалаларында тарайды. «Classic» радиосы бүкіл әлемдегі әріптестерімен бірлесіп жұмыс істеуде. Әсіресе, Мюнхен («BR-klassik»), Мәскеу («Орфей») және Лондонмен («BBC 3») қызметі жемісті.

Радиостанцияның 5 жыл қызметі ішінде көптеген бағдарламалар шығарылып, жобалар ұйымдастырылды. Мәселен, «культурная мозаика Жания Әубакіровамен», «Киноблюз Олег Борецкиймен», «Зира Наурзбаевамен Тылсым перне», «Лилия Калауспен Классикомания» және басқалары.

Алматы қаласынан 150 музыканттың қатысуымен өткен «Classic» радиосының «Қаланы классикалық толқын жабады» флешмобын еске түсіруді ұсынамыз.

Хабарламаларға жазылу