«Астана» радиосына – 20 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» радиосына – 20 жыл

19.01.2019
«Астана» радиосына – 20 жыл

«Қазақстан» корпорациясына қарасты «Қазақ радиолары» серіктестігінің маңызды құрылымдарының бірі «Астана» радиосына - 20 жыл толды. «Астана» - ақпараттық, музыкалық радиостанция. Негізгі аудиториясы - жастар.

Радио 1999 жылдың 19 қаңтарынан бастап 101.4 ФМ жиілігінде хабар тарата бастады. 2003 жылдан бастап радио жаңа форматқа көшті. Хабар таратудың 60%-ы - қазақ тілінде 40%-ы - орыс тілінде. Радионы интернет арқылы тыңдауға болады. Ресми www.astanafm.kz сайты 2013 жылдың 22 наурызынан бастап жұмыс істейді. 2013 жылдың 13 қарашасынан бастап бейнетрансляциялау іске қосылды.

2010 және 2016 жылдары Астана радиосы Президент Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды. 2017 жылы радио «Үркер» ұлттық сыйлығының «Үздік өңірлік радио» аталымында жеңіске жетті. 2018 жылы «Толқын» сыйлығына ие болды. «Астана» радиосы - «Жұлдызды Астана» Тұңғыш музыкалық радиосыйлығының құрылтайшысы. Радионың брэнд жобасы - «Astana FM ON AIR» музыкалық фестивалі.

Радионың эфирінен сағат сайын жаңалықтар топтамасы шығады. Сонымен қатар, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси тақырыптағы хабарлар және интерактивті ойындар мен шоу-бағдарламалар тыңдармандар талғамына сай дайындалады. Радионың музыкалық форматына сәйкес, эфирде тек ең үздік отандық және шетелдік әндер шырқалады. 

Хабарламаларға жазылу