Басты Жаңалықтар Гүлшара Әбдіқалықова күштік құрылымдардың жасағымен кездесті

Гүлшара Әбдіқалықова күштік құрылымдардың жасағымен кездесті

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова күштік құрылымдардың жасағымен кездесіп, бүгінгі күннің батырларына айырықша алғыс білдірді. Антына адал ерлер ел басына күн туған кезде жанқиярлықпен лаңкестердің шабуылына тойтарыс беріп, елдігімізді сақтап қалды.

Гүлшара Әбдіқалықова, облыс әкімі:
Алға қойған міндетті атқарып. Мына лаңкестердің шабуылына тойтарыс бердіңіздер. Соған Сіздерге үлкен рақметімді басымды иіп тұрып айтқым келеді. 

Төңкеріс кезінде бүлікшілер жергілікті полиция басқармасының 30-дан аса қызметтік көлігін күл-талқан етіп өртеп жіберген. Одан кейін сақшылардың бас ғимаратына 16 сағат бойы толассыз шабуыл жасап, ондағы қару-жарақты алмақ болған. Бірақ, азғантай күшпен табандылық пен қайтпас қайсарлық танытқан полицейлер лаңкестерге дес бермей стратегиялық нысанды қорғап қалды.

Ержан Шамахов, Жергілікті полиция басқармасының взвод командирі:
Лаңкестердің ешқандай аяушылық танытпайтыны түрлерінен көрініп тұрды. Баса көктеп кіруге тырысты. Бізге қарсы оқ атты. Біздің қатарымыздағы қызметкерге оқ тиді. Қазіргі таңда ол орталық ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр.

Жалпы бүлікшілермен қақтығыс кезінде бір сарбаз қаза тауып, 20-дан аса сақшы түрлі дене жарақатымен медициналық көмекке жүгінген. Соның жетеуі әлі ауруханада. Сондай-ақ, ойран болған күні ауруханаларға 77 адам түскен. Бір ғана облыстық медициналық орталыққа 40 хирург жұмылдырылып, адамдардың өмірін арашалауда аянбай қызмет етті. Қазір оларың көбі үйіне шығарылды.

Әділбек Серікұлы

Бөлісу