Қызылордадағы қақтығыста 21 адам қаза тапты
Қызылордадағы қақтығыста 21 адам қаза тапты. Қан төгілген дүрбелеңде күштік құрылымдар мен бейбіт тұрғындар да ажал құшты. Бүгінде түрлі жарақат алған 48 адам әлі ауруханада жатыр.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Қалалық аурухана мен облыстық медициналық орталық бір жетіден бері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Өкінішке орай, қайғылы оқиға біраз отбасының қабырғасын қайыстырды. Емдеу орындарында әлі де 10 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Бүгін жалпыұлттық аза тұту күнінде қызылордалықтар ауыр хәлдегі науқастарға көмек ретінде таңсәріден бастап қан тапсырды. Игі акцияға 100-ден аса тұрғын ниет білдіріп, ерікті түрде донор болды. Жалпы облыста қоғамдық-саяси ахуал тұрақталды. Дегенмен, күштік құрылымдардың «Антитерор» операциясы жалғасуда. Ізін жасырған бүлікшілер біртіндеп ұсталып жатыр.
Серік Ахмет, Облыс әкімінің орынбасары:
Бүгінгі таңда 365 адам полиция органдарына жеткізілді. 54 қазір изоляторға қамалды. Олардан 3 атыс, 13 суық қару, 8 қалқан, 4 каска, 5 дубинка тәркіленді.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Сондай-ақ, аймақта коменданттық сағат талабын себепсіз бұзған 40 адам тәртіптік шараға тартылған. Мұнан бөлек, жаппай тәртіпсіздік кезінде аймақтағы 26 кәсіпкерлік нысанға залал келгені белгілі болды. Алдын ала есеп бойынша жергілікті бизнес өкілдері 400 миллион теңге көлемінде шығынға ұшыраған.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ: 2 боксшымыз финалда
13.09.2025, 17:41

Елордада Қызылорда өңірінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылды
13.09.2025, 15:39
«Biken 3» халықаралық театр фестивалі басталды
13.09.2025, 15:33
Мерейлі отбасы – мемлекет тірегі
13.09.2025, 15:31
Астанада ұлттық құндылықтар ұлықталды
13.09.2025, 15:29
Шымкентте жасанды интеллектіге жол ашқан жаһандық форум өтті
13.09.2025, 15:27
Ақтауда үкіметтік емес ұйым өкілдерінің форумы өтіп жатыр
13.09.2025, 15:26
Жамбыл облысында ветеринариялық нысандардың тең жартысы талапқа сай емес
13.09.2025, 15:24