Кейбір ақпараттық сайттар мен банк қосымшалары интернетсіз жұмыс істеп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кейбір ақпараттық сайттар мен банк қосымшалары интернетсіз жұмыс істеп тұр

09.01.2022

Сонымен қымбатшылыққа қарсы бейбіт митингтің соңы қанды бүлікке ұласты. Президент те, саяси сауатты адамдар да бірден бұл ұзақ әрі тыңғылықты дайындалған операция деп баға берді. Террористер қырып-жою, бұзу, адам өлтіруден бөлек фейк ақпарат тарату арқылы көпшіліктің санасын улап, шатастыру әдісін де жетік меңгерген. Өзара байланыстары мессенджерлер арқылы болғандықтан ел бойынша интернет өшірілді. Қазір белгілі бір уақытқа беріліп жатыр. Кейбір ақпараттық сайттар мен банк қосымшалары интернетсіз жұмыс істеп тұр. Халық арасында байланыс ажырамас үшін әр абонентке 200 СМС хабарлама, 300 минут тегін берілді.

Енді антитеррорлық операцияны соңына дейін жеткізу керек. Полиция қызметкерлері мен әскерилерге ескертусіз оқ ату туралы бұйрық берілді. Олардың бәрінің ұсталғанын ел күтіп отыр. Оңғар Алпысбайұлының материалы.


Хабарламаларға жазылу