Еуропада жүк машиналарына жүргізушілер жетіспей жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропада жүк машиналарына жүргізушілер жетіспей жатыр

27.12.2021

Еуропада жүк машиналарына адам жетіспей жатыр. Ал, Испанияға осындай 20 мыңдай маман қажет. Сондықтан, бұл корольдік үкіметі зат тасымалдаушы көліктерге әйелдер мен жастарды көбірек тартуға бұйрық берді.

Қазір Испанияда ауыр машиналарды жүргізетіндердің 4 пайызы – қыз-келіншектер. Сонымен қатар, мұнда нәзік жандылардың таксишілер мен автобус жүргізушілерінің арасындағы үлесі 20 пайызға жетіп қалған.

Испания азаматшасы Бегона Урменетаның сөзінше, егер жалақы көтерілмесе, елде алдағы он жылда жүк көліктерін айдайтын адам табылмай қалуы мүмкін. Ал, Еуропада бұндай вакансияларға 400 мыңдай адам қажет болып отыр.


Хабарламаларға жазылу