Елімізде доллар жетіспей жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде доллар жетіспей жатыр

11.03.2022

Ал ақша айырбастау орындары мен банктерде доллар жетіспей жатыр. Ұлттық банктің хабарлауынша бұл уақытша құбылыс. Тапшылыққа шетел валютасына артқан сұраныс себеп. Әрі долларды елімізге жеткізу жұмыстары созылып кеткен. Яғни Ұлттық банктегілер шетел валютасымен қаржылық операциялар жүргізуге ешқандай шектеу қоймадық, - деп отыр. Валюта айырбастау орындары АҚШ ақшасын сатуды жетіспеушіліктен уақытша тоқтатқан. Жағдай жақында реттелуі тиіс.

ҚР Ұлттық банкі:

Қазіргі жағдайды ескере отырып, Ұлттық Банк АҚШ-тың орталық банкі - Федералдық резервтік жүйеден қолма-қол шетел валютасының қосымша көлемін жеткізу амалдарын қарастырып жатыр. Сондай-ақ, бізде қолма-қол ақшаны көлік компанияларымен өз уақытында жеткізуді қамтамасыз ету үшін барлық қажетті келісімдер бар екенін хабарлаймыз.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу